Əдіснамалық контекстегі менталитет пен этникалық жады
Аңдатпа
Мақалада түрлі деңгейдегі ойлау əдістерінің мəдени құндылықтық уақыты кеңістігіндегі этностың ментальды жады теориясы жəне оның əлеуметтікпсихологиялық дамуы сөз етіледі. Тұлғаның, этностың немесе ұлттың этнопсихологиялық сипаты болып табылатын адамның немесе əлеуметтік қауымдастықтың діни əлемін анықтайтын əлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде «ментальдылық» түсінігіне анықтама берілді. Этноментальды жады психоəлеуметтік жəне философиялық-мəдени аспектісінде қарастырылды. Этникалық біркелкіліктің критерийі болып табылатын этникалық ментелитеттің қажетті компоненттері көрсетілген. Қазақстандық, ресейлік жəне шетелдік зерттеушілердің ментальдылық теориясын қозғайтын ғылыми еңбектері теориялықəдіснамалық тұрғыдан талданды. Түйін сөздер: менталитет, этноментальды жады, этнофора, этникалық мəдениет
