Білім таратуда сандаудың әсері: әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардаға берілген мүмкіндіктер және индекстер ықпалы
Аңдатпа
Бұл мақалада авторлар ХХІ ғасырда білімді тарату және сақтау мәселелерін ашады. Кітап басу заманынан бастап интернет пайда болғанға дейін академиялық білім географиясы әлі де әлемнің белгіленген аймақтарында шоғырланған. Мақалада бұл концентрациялардың құрылымы әлеуметтік және гуманитарлық білімдер саласында білімнің таралуының нақты жағдайында зерттеледі. Әуелі сақтау жады мен өзгерістер арасындағы қатынас, ақпараттық қолдаудың материалдық формалары соңғы жылдары өткерген белестері қарастырылады. Одан кейін ғаламданған әлем экономикасының үндеулері және олардың әркелі таралуына басылым өнеркәсібінің әсері, барлық әлем аймақтары бойынша дисбаланс пен тапшылыққа сілтей отырып, қарастырылады. Сонымен бірге зерттеу жұмысында болашақ жауапты қызметтің жолдарын табу мақсатында Жер шарының белгілі бір аймақтарындағы экологиялық деградация, электронды қалдықтар, сандық молалар мәселелері қарастырылады. Түйін сөздер: академиялық басылымдар, индекстер ықпалы, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар
