Саяси реформаланудың қазақстандық моделі
Аңдатпа
Мақалада автор Қазақстандағы жаңғырту процесінің алғышарттарын, мазмұнын және оның салдарын зерттеуде. Саяси реформалардың қазақстандық моделін, сананың белгілі бір түрінің қалыптасуына және қоғамдық институттардың өзгеруіне әкеліп соқтыратын индивидтердің жүрістұрыс тәжірибесін анықтауға апаратын саяси сананың және саяси мәдениеттің қалыптасуынсыз қарастыру мүмкін емес. Социомәдени жаңғыртудың нәтижесі болып табылатын тұлғаның жаңа түрін қалыптастырмай макродеңгейде жасалған жаңғыртушылық инициативалардың ешбіреуі тиімді болмайды. Түйін сөздер: саяси жаңғырту, саяси реформалау, құндылықтар жүйесі, азаматтық қоғам, жаңғырту теориясы, этникааралық келісім, саяси сана және мәдениет.
