Жаһанша Досмұхамедовтың қоғамдық қызметі мен саяси идеялары

Авторлар

  • S. Musataev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. Balkeev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада отандық зерттеушілердің еңбектері мен тарихи деректерге сүйене отырып Жаһанша Досмұхамедовтың атқарған қоғамдық және мемлекеттік қызметтері сондай-ақ, саяси көзқарастары саясаттанулық тұрғыда талданады. Батыс Алаш Орда үкіметінің төрағасы болған Жаһанша Досмұхамедов ұлт қайраткері ретінде әлі толық бағасын алған жоқ, оның мұрасы саяси ғылым тұрғысынан әлі жеткілікті зерттелмеген. Жаһанша Досмұхамедов заңгер, қоғам қайраткері, мемлекеттік лауазымды тұлға, құқықтанушы-педагог, ұлт азаматы бола отырып, туған халқы алдындағы жауапкершілікті терең түсінген, халқының мұң-мұқтажын сезіне білген, ұлттық мүдде жолында, қазақ мемлекеттілігін құру үшін күрескен. Мақалада оның қайраткерлігі, ел болашағын ойлап, ұлттың сақталуы үшін мемлекеті болуы керектігі туралы идеялары, федерация құрамындағы автономды демократиялық республика болуы маңызды екендігін көрсеткендігі айтылады. Түйін сөздер: Жаһанша Досмұхамедов, мемлекеттілік, ұлттық мүдде, Алаш Орда, алаш, федерация, автономия, демократиялық республика, ұлт тағдыры.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-22