Қазақстан Республикасындағы ұлттық идеяны жүзеге асырудың механизмдері мен принциптері

Авторлар

  • A. S. Kaidarov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Sh. B. Halikova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. T. Мuhitdenova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстанның ұлттық идеясының жүзеге асуының мәселелері мен аспектілері қарастырылған. Сондай-ақ ұлттық идеяның жүзеге асу механизмдері мен оның ерекшеліктері көрсетілген. Ұлттық идеяны жүзеге асыруда мемлекет жетекшілік ететін принциптер көрсетілген. Ұлттық идея – бір ұранға жұмылдырылған бұл барлық ұлттарға арналған идея, барлығын жұмылдыратын барлығы үшін негізгі идея болып табылатыны аталып көрсетілген. Қазақстанның мемлекеттік, жалпыұлттық идеясының қалыптасуының кейбір ғылыми аспектілері мен мәселелері қарастырылады. Мемлекеттегі ұлттық идея мәселесін зерттеу қазіргі саяси ғылымдағы даулы тақырыптардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы сияқты полиэтникалық мемлекеттегі ұлттық идеяның өзектілігі көрсетілген. Мемлекеттік идеяны ұсынатын этноәлеуметтік топтардың мүдделері мен ерекшеліктері айқындалған. Түйін сөздер: патриотизм, ұлттық идея, этнос, идеология, мемлекет.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-22