Қазақстандағы Корей театрының дамуы және кейбір аспектілерінің қалыптасуы

Авторлар

  • G. Yu. Saitova Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы
  • A. S. Tskhay Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан территориясындағы алғашқы ұлттық Мемлекеттік Республикалық корей музыкалық комедия театрының қалыптасу, даму тарихы туралы қарастырылған. Халық ауыз шығармашылығының үздік үлгілерін сақтап, сахнаға шығарған алғашқы актерлар, театр драматургтары туралы ой толғайды. Қиыр шығыстан Қазақстанға жер аударылған кезеңнен бастап театрдың даму жолдары зерттелген. Театр ХІХ ғасырдың 60-жылдары «орыс теңіз жағалауын игерген» кәрістердің ресейлік ұрпақтарының күшімен құрылды. 1932-1937 аралығы жер аударылғанға дейінгі Қиыр шығыс кезеңінде «өздері қалыптпастырған дағдылы өмір салтына сүйене ғасырлар бойы келе жатқан дәстүрлерін ұстанды». Кәрістер театрландырылған көпшілік ойын-­сауық ұйымдастырған. Осындай ойын-­сауық кездерінде би ерекше орын алғанын атау керек, оның себебі «корей халқының ұлттық рухын көрсететін би өнері болған. Ұлттық мәдениеттің ерекшелігін осы би өнері өз бойына жиған...». Корей театрының құрылған кезеңінен репертуардан түспей келе жатқан корей халқының классикалық жыры негізінде жазылған «Чун Хян қыз туралы аңыз» спектаклі қарастырылды. Түйін сөздер: корей театры, актер, режиссер, аңыз, гвандэ, пластика, би, жанр

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-22