Жастардың дінге қатынасы
Аңдатпа
Мақала жастардың дінге қатынасы және діни бірегейлігі жайлы өзекті мәселеге арналған. Қа зіргі жастардың дінге қатынасы олардың діннің мазмұны туралы білім деңгейлері және оны жекеше қабылдауы ретінде қарастырылады. Мақала діндегі жалпыадамзаттық және жеке адамдық құндылықтар корреляциясының жү зеге асу ерекшелігі ашылады. Жастардың діндарлығының өсуімен қоса олардың дінге қатынасы стихиялы түрде, тек рәсімдерді орындаумен шектеліп, діни сенім туралы дүниетанымдарының қа лыптаспағандықтары байқалатындығын дәлелдейтін эмпирикалық зеттеу қорытындылары беріле ді. Жалпылай этноконфессиялық тепе-теңдіктердегі өзгерістер, күрделі әлеуметтік-экономикалық ауыртпашылықтар талқыланады. Түйін сөздер: қазіргі жастар, дін, білім, идентификация, сенім, діннің рөлі, мәдениет.
