Tолеранттылық феноменін зерттеудің әдіснамалық қырлары
Аңдатпа
Философиялық мәселе ретінде толеранттылық ұлттық мәдениеттен, адамдар арасындағы қатынастар мен конфессияаралық қатынастардан өз шешімін табады. Оның шешімі адамдардың әлеуметтенуі процесінің ерекшелігіне тәуелді, ал ол әлеуметтік-мәдени және субмәдениеттік дәстүрлерге байланысты. Көптеген шетелдік және отандық мамандардың зерттеулері осындай әдіснамалық негізге сілтеме жасайды. Қазіргі әлемдегі экономика, қаржы саласындағы және адамдар арасындағы дағдарыс толеранттылық феноменін зерттеудің өзектілігін көрсетеді, оның мәніне, өзгешелігіне ғылыми-теориялық негіздеме беру керектігінің қажеттігін көрсетеді. Жаһандану, көпполярлы әлем, либералдық-демократиялық құндылықтар толеранттылық мәселесін халықтар арасындағы, мемлекетаралық, конфессияаралық және этносаралық қатынастарды реттеудің қажетті шарты етті. Бұл процестер толеранттылықты саяси қажеттілікке айналдырды. Ал ол, өз кезегінде, мәдени норма болуы керек. Оған халықаралық және ұлттық-мәдени деңгейдегі тарихи және қазіргі күнделікті тәжірибе дәлел бола алады. Түйін сөздер: толеранттылық, құндылық, жаһандану, менталитет, этносаралық қатынастар, ұлт, этнос, конфессияаралық келісім.
