Африканың тәуелділігі теориясының дамуы мен проблемалары туралы мәселе жөнінде: мәдени гуманизмге арналған ұсыныстар
Аңдатпа
Даму мәселелерін талқылау – бұл іргелі мәселе, өйткені ол адам өмірінің барлық салаларына әсер етеді. Бұл қоғамның қозғалысы мен өзгерісінің формасы және бұл жаңа идеялардың көмегі арқылы қоғамның өмір сүруінің жоғары стандарттарына жетелейді. Басқаша бұл факті адамның өз сана-сезімін кеңейте білу қабілеттілігі, өз-өзін және қоғамды танып-білуі мен билеп-төстей алуы, жалпыға ортақ игілік үшін көзі ашық индивидтің дамуы деп түсіндіруге болады. Бұл адамдардың өз мәселелерін өздерінің қадір-қасиеті, тәжірибесі мен ресурстары арқылы шешу еріктілігі.
Тәуелділік теориясы маркстік бағытындағы модернистік шектеу теориясы нәтижесінде пайда болды. Бұл бағыттың негізгі осі даму мен дамымаудың қатынасының диалектикалық негізі болып табылады, мұнда құлдықтың үрдісі арқылы біреулер екіншілерін басқарады. Африкадағы даму және дамымау үрдісі көптеген факторларға байланысты: отаршылдыққа дейінгі сауда,
құлдық, отаршылық, неоотаршылық. Бұл – империализм мен капиталистік отарлаудың салдары.
Бұл мақаланың мақсаты мен міндеті – дамудың әртүрлі салаларында мәдениет аспектісінің
бар екенін және кейбір елдерде дамудың элементінің құпталмай тежелетінін көрсету болып
табылады. Мақала авторлары егер адамның таңдауы, құндылықтары мен мұраттары дамудың
жоғары деңгейіне сәйкес келіп, қоғамның барлық әлеуметтік топтарына таралып және жеткілікті
деңгейде көрініс тапқан болса, онда даму жетістіктерінің одан да маңыздырақ болуы мүмкін деп
санайды.
Түйін сөздер: Тәуелділік теориясы, сана, Африка, даму, гуманизм.
