«Боко Харам» радикалды исламдық топтың Нигерияның солтүстік-шығысында орналасқан халқына психологиялық шабуылын жоюдың ықтимал жолдарын талдау

Авторлар

  • A. Bature Нигерия Федералдық университеті

Аңдатпа

Нигериядағы «Боко Харам» радикалды исламдық топтың 2009 жылдан бастап жасаған лаңкестік іс-әрекеттері елдің қауіпсіздік саласына үлкен нұқсан келтірді. Бұл ел тәуелсіздік алған 1960 жылдан бергі кезеңде орын алған үлкен қауіп-қатер болатын. Бұл мақалада елдің Шығыс бөлігінің солтүстігіне қарай орналасқан тұрғындарына «Боко Хараммен» көрсетілген психологиялық қысымдылықтың әсерлерін зерттеуге талпыныс жасалды. Автор осы экстремистік ұйымның ықпалының талқандаушы сипаты қоғамда діни бірлестіктерге деген жиіркену сезімін тудырғанын баса айтады. Зерттеуде «Боко Харам» жақын арада жеңіліс тапса да, көрсеткен қысымына деген ашу-ыза одан әрі арта түсіп, ұзақ уақытқа созылады деген болжам жасалады. Автор сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің салған барлық күш-жігерінің әрекеттеріне қарамастан, қоғамда жоғары тұрақсыздықты тудырып тұрған психологиялық шабуылдарға қарсы әсерін екі есеге арттыру қажет деп қорытынды жасайды. Негізінде, бұл мақалада әлеуметтік байланыстар теориясы шеңберінде сапалы талдау әдістерді қолданады. Автор сондай-ақ, ұлттық мәселелерін шеше алатын «кедей» мемлекеттен Нигерияның солтүстік-шығысындағы қауіпсіздік дағдарысына бақылауды орната алатын, аса жауапты және қайырымды әлеуметтік-экономикалық саясаты бар мемлекетке ауыстыру парадигмасын ұсынады.
Түйін сөздер: психологиялық шабуыл, бұзушы ықпал, парадигма өзгерісі, жауапкершілік бағыты.

Жарияланды

2018-11-08