Қазіргі тұтынушы қоғамдағы денсаулықты сақтаудағы тұлға мен әлеуметтің өзара қатынасы: әлеуметтік-философиялық талдау

Авторлар

  • О. Добридень Украинаның Днепропетровск медициналық академиясы

Аңдатпа

Мақала қазіргі тұтынушы қоғамдағы адамның денсаулықты сақтаушы әрекетін әлеуметтік-
философиялық тұрғыдан зерттеуге арналған. «Денсаулықты сақтау» ұғымының тұтынушы қоғам
жағдайында жаңа мазмұн иеленетіні және жаңа формада көрінетіні анықталды.
Жеке тұлға мен қоғамның өзара байланысындағы сауықтандыру қызметін қолдану модасын
жарнамалау, қоғамды жаппай емдеу, денсаулық сақтауды коммерциялау және брендтеу,
wellness-индустрия қызметін тұтыну сияқты денсаулықты сақтаушы әрекеті қарастырылады.
Мақалада қоғамның қауіпті факторларға бейімделуі, яғни әлеуметтік жағдаймен болатын
қауіптерге қарсы тұру деңгейі индивидтің өзінің когнитивті, мотивациялық, эмоциональды-
жігерлік және физикалық көрсеткіштерімен анықталады.
Автор адамдар сауықтыру қызметтерін өздерінің әлеуметтік статусын көрсету үшін немесе
қоғам алдындағы өзінің беделін көтеру үшін қолданып, қазіргі кездегі денсаулықты сақтаушы
әрекеттің жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады деген қорытындыға келеді.
Мақала денсаулық пен денсаулықты сақтау коммуникативті практика ретінде тұлғаның
ерекше мінез-құлық мәдениетіне айналады деген автордың ойын тұжырымдау талпынысы болып
табылады.
Түйін сөздер: тұтынушы қоғам, денсаулықты сақтау, денсаулықтың әлеуметтік маркерлері,
денсаулықты сақтаушы әрекет, мәдениет, руханилық.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-07