Саясаттанудың қалыптасуындағы кейбір аспектілер

Авторлар

  • Л. Зайниева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • К. Абдрасилова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Жас ұрпақтардың дамуында жоғары білімнің, оның гуманитаризациясының, әсіресе елдегі
қоғамдық сананың модернизациялануын өткізуіне орай рөлі артуда. Қоғамдық ғылымдар
арасында жоғары кәсіби мамандар мен жауапты азаматтарды даярлаудағы саясаттанудың
мәні жоғары. Әлем қауымдастығында саяси ғылымдар саласындағы оқу-зерттеу жұмысының
белсендірілгенін куәландыратын құбылыстар байқалады. Дегенмен аз зерттелген аспектілер де
бар. Саясаттанудың басқа ғылымдар арасынан бөлінуін, оқу пәні ретінде оқытудың басталуы мен
орны сияқты мәселелерді белгілеу орынды. Мақала авторлары тарапынан саны аз анықталған
орыс және ағылшын тілінде қазақстандық, ресей және басқа шетел ғалымдарына назар
қойылып дереккөздерге компаративистік анализ жасалынған. Онда саясаттанудың қалыптасуы
мен дамуындағы Американың біріншілік мәліметтері басым. Саясаттанудың қалыптасуында
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің рөлі, оның негізін қалаушы
М.В. Ломоносов және басқа да ресей зерттеушілері туралы мәліметтер аз. Бұл мақала белгілі
дәрежеде жарияланымдар базасындағы бос орынды толтырады.
Түйін сөздер: саясаттану, білім, тәрбие, ЮНЕСКО, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу
мемлекеттік университеті.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-07