Ұрпаққа өсиет ретіндегі Абайдың рухани-моральдық философиясы

Авторлар

  • К. К. Бегалинова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Е. Досмагамбетов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада Абайдың рухани және моральдық философиясы қазіргі қазақ мәдениетінің негізі, идеологиялық және теориялық көзі ретінде қарастырылады. Әлем, ең алдымен орыс халқы руханиятының моральдық құндылықтарын өзіне қамтыған оның ілімінің негізгі ережелеріне талдау жүргізіледі. Абайдың ілімдерінің қалыптасуы және дамуына орыс мәдениетінен басқа, үш әлемдік – батыс (еуропалық), шығыс (буддизм, ислам) және түрік (қазақ) мәдениеттері әсер еткені белгілі. Ғылыми-зерттеу әдебиеттерін талдау негізінде Абай ілімінің әуелгі бастамасы Алланың жаратқан табиғат құбылыстарымен байланыстырады. Бұл өзіндік пантеизм. Оның негізінде адам– тұтас, әмбебап жаратылыс болып, микрокосмос ретінде түсініледі. Жан мен дене бір болғанда
ол тұтастыққа жетеді. Жан мен дененің бірлігі кеткенде өмір аяқталады. Адамда мәңгі болып жаны, рухы қалады. Сондықтан, Абай «Адам бол» деп үлкен талап қояды. Ойшылдың рухани-моральдық ілімінің заманымызбен үндесуі терең зерттеледі.
Түйін сөздер: Абайдың философиясы, сопылық (суфизм), теориялық дереккөздер, «Қара
сөздер», онтология, гносеология, мораль (адамгершілік), универсализм.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-07