«Қортық-Ата кітабындағы» батыр әйелдер бейнесі

Авторлар

  • Г. Ж. Есмагулова
  • Р. К. Жусупова

Кілт сөздер:

ежелгі батырлық ертегі, түркі батырлық эпо­ сы, «әйелдік тақырып», жауынгер қыздар бейнесі, «жаулап алынған әйел», әйелдердің «жоқтауы», әйел ел басқарушы, отанасы.

Аңдатпа

Мақалада ортағасырлық түркі мәдениетінің жазба мұрасы «Қор­
қыт-Ата кітабындағы» әйелдер тарихы талдауға арналған. Әйелдер
тарихы оғыз тайпаларының көсемдері мен сұлтандарының арасында­
ғы өзара шайқастарда көрінеді. Көшпелі түркі халықтарының батыр­
лық ертегілері мен батырлық эпостарындағы батыр қыздар ерліктің
халық санасындағы асыл мұраты ретінде көрінеді. Мақалада түрік
халықтарының ертегілерде, аңыздар мен мифтерінде бейнеленген
әйелдік бейнесінің эволюциясы көрсетіледі. Бұл мақалада түрік ха­
лықтарының көне аңыздарында архаикалык әйелдік бейнесі сурет­
телгені көрсетіледі. Мақалада оғыздар эпосы, тарихи деректер мен
ғылыми мақалалар бойынша жинақталған материалдары арқылы жы­
рау және күйші Қорқыт-Ата заманындағы түріктер эпосындағы реа­
листік әйелдік бейнесі суреттелгені көрсетіледі. Мақалада оғыздар
эпосында шығарылған әйелдік идеал бейнесі түріктердің өмір салты­
на байланысты соғыс – «құрметті қызметке», «спорттың ерекше түрі­
не» теңестіріліп айтылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2015-04-01