Биліктің орталықсыздануы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару тиімділігін жоғарлату факторы ретінде
Аңдатпа
Билік органдарының орталықсыздану үрдісі заңды болып табылады, бұл қоғамның демократиялануының, мемлекеттік биліктің трансформациясының, билік бөлінісінің, азаматтардың саяси құқықтары мен еркіндіктерін алуының, жекеменшікті енгізудің нəтижесі. Қазіргі кезеңде қазақстандық қоғамның саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени салаларында билік органдарының орталықсыздануына негіз бола алатын нақты алғышарттар бар. Көптеген демократиялық мемлекеттерде басқарудың жергілікті органдары күнделікті, маңызды қоғамдық мəселелерді шешеді. Бұл жоғарғы биліктің жергілікті органдарының қызметіне азаматтардың белсенді қатысуын жəне басқарушылық қызығушылығын шарттайды. Биліктің орталықсыздануында бюджеттік орталықсыздану да үлкен рөл ойнайды, себебі мəселелерді шешудің тиімдігі қаржы мəселелеріндегі тəуелсіздікке байланысты. Түйін сөздер: орталықсыздану, мемлекеттік басқару, тиімділік, жергілікті өзін-өзі басқару, орталықсызданудың кезеңдері.
