Социально-этические мысли в творчестве Утежана Нургалиева (Сборник баллад «Последнее лето войны»)
Аңдатпа
Мақалада Өтежан Нұрғалиевтің шығармашылығындағы өмірмәндік мәселелер әлеуметтік‐фи лософиялық, этикалық және эстетикалық тұрғыда сарапталған. Ойшылдың балладаларының мә ні тарихи-философиялық сарында сабақтастығы байыпталып, ой тарихындағы өзіндік орны мен ерекшеліктері зерделенді. Жазушының мұрасы мен жазу стилі тек әдебиеттанулық сипатта ғана емес, қазақ халқының философиялық ой кешуі мен көркемдік таным қабілеттерінің көріністерінен хабардар етеді және ол үрдістерді авторлар ұжымы дәлелдеуге тырысады. Ойшылдың «Соғыстың соңғы жазы» балладалар жинағында көтерген әлеуметтік-этикалық, дүниетанымдық, өмірлік мә селелерінде өз дәуірінің күштеп орнатқан қондырғылары мен қиындықтарынан көріністер болса, оларды қиыннан қиыстырып жеткізе білген ойшыл-жазушының шеберлігін де аңғартады. Мақала ның желісі ақын шығармашылығын зерттеуші ғалымдардың қабыл алған және ойысқан жүйелеуі негізіндегі – лирикасы, өмірбаяндық балладалары мен философиясы төңірегінде өрбітілді. Бірақ зерттеу жұмысында әлеуметтік-этикалық мәселелерге басымдықтар мен назар ерекше аударылып, ойшыл-жазушының дүниетанымын тұтас түсінуге және айшықтауға ұмтылыс жасалды. Түйін сөздер: Өтежан Нұрғалиев, көркем әдебиет, философия, этика, эстетика, бақыт
