Көркем мәдениет ескерткіштері: Когурё мазарларындағы өрнектер мен қабырғаға салынған суреттер – корей би өнерінің ең бағалы дереккөзі

Авторлар

  • А. С. Цхай Казахская Национальная Академия искусств им. Т. Жургенова
  • Г. Ю. Саитова Казахская Национальная Академия искусств им. Т. Жургенова

Кілт сөздер:

мәдениет мұралары, Ежелгі Корей, тарих, халық билері, сурет өнері.

Аңдатпа

Ұсынылып отырған мақала Корей көркем мәдениеті ескерткіштерінің қалыптасу және даму тарихының кезеңдерін қарастырады: Пхеньян және Кэсон сәулет ескерткіштері, Кымгансан тауларындағы будда монастырь-ғибадатханалары; сонымен бірге Когурё мазарларындағы өрнектер және олардың Пхеньян және Тунгоут (Солтүстік Шығыс Қытай) аудандарындағы қабырғаға салынған суреттері, Сеулдің тарихи сарайлары, Кёнджу ауданындағы ескерткіштер кешені; Соккурам шығыс үлгісінде орындалған үңгір ғибадатханалары және Пуль-гукс ғибадатханасы. Осы артефактілерді мифологияда, тұрмыста хореография функциясының мәселелерін зерттеуге арналған ғылыми аппаратқа кіргіздік.
Мақаламызда белгілі бір би элементтерін орындаушы бишінің көрінісі аса үлкен қызығушылық тудырады.
Жоғарыда келтірілген фактілер, археологиялық олжалар Ежелгі Корейде тарихтан бұрынғы замандарда би өнерінің дәстүрі болғанын растайды. Олар алғашқы кездері салттық мақсатта пайда болып, уақыт өте келе халық билеріне айналды.

Жүктеулер