М.К. Мамардашвилидің таным теорясындағы ақыл-ой феномені
Аңдатпа
М.К. Мамардашивилидің тарихи-философиялық көзқарастары, әлеуметтік-этикалық дүниета нымы, қоғамдық-саяси ұстанымдары ақыл-ойдың тарихи-философиялық мәселесін өзектендіру нәтижесінде қалыптасты. М.К. Мамардашвили өзінің алған білімдері мен солардың негізінде жа салған философиялық құрылымын қоғамның игілігіне жұмсады, адамдарды философиялық ой лай білу мәдениетіне дағдыландыруға ұмтылды. Бірақ, солай бола тұра, ол өзінің теоретикалық және философиялық идеяларын ешкімге таңған жоқ. М.К. Мамардашвили үшін ақыл-ой маңызды болып табылады, себебі ақыл-ой оның негізгі тарихи-философиялық ұстанымы ретінде қалып тасқан, қоғамдық-саяси көзқарастары ойлаудың табиғатын ақыл-ой ретінде қарастыратын тари хи-философиялық ұстаныммен тығыз байланысты. Ақыл-ойдың феномені М.К. Мамардашвилидің философиялық көзқарастарындағы ерекшелік болып табылады. М.К. Мамардашвилидің ойының философиялық шарты – классикалық және постклассикалық философияның өкілдері Б. Паскаль, Ф. ницше, Э. Гуссерль, М. Пруст сияқты философтардың экзистенциясы (тіршілігі) атынан берілген көркем әдебиет, эстетикалық ойлар мен өнер ретіндегі, күйзелісі оның жеке терең ойларында жү зеге асырылады. Ақыл-ой феномені ерекше және маңызды болып табылады, соның негізінде М.К. Мамардашвили, Парменид, Платон, Аристотель, Августин, Декарттың, Канттың, Прустың аттарынан философиялық дәстүрмен сұхбат жүргізеді. Өз кезегінде бұл сұхбат феноменологиялық және герме невтикалық философиялардың ең таңдаулы дәстүрлеріндегі мәдени-тарихи құбылыс түрінде жүзе ге асырылды Түйін сөздер: М.К. Мамардашвили, ақыл-ой, таным теориясы, феноменология, феномен.
