Ар ордасы

Авторлар

  • Н. Р. Мусаева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
  • А. Е. Есимова М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада жазушы Роза Муканованың «Шатыр астындағы мен» тақырыпты әңгімелері мен дра­ масы туралы бір үзік сыр шертіледі. Жазушы шығармашылығы туралы пікірімізді «Ар одасы» деп ай­ шықтау арқылы бұл кездері Роза сынды озық ойлы, жоғары талғамды, көл-көсір білімді қаламгер­ дің өмірдің өзі тудырып отырған этикалық, психологиялық, мәдени, рухани, мәселелерді көріп, біліп оны киелі сөзбен сана астарына құйып жатқандығын көрсетуге тырыстық. Розаның әрбір әңгімесі адамның басында болып тұратын ерен оқиғалар төңірегінде өрбитін болғандықтан оған қатысты адамгершілік қалыптары да өзінен-өзі туындап отырады, өйткені олардың әрқайсысы адам өмірі­ нің өлшемі. Роза Мұқанованың тағы да бір аса маңызды ерекшелігі – қазақтың сөзін, оның барлық қыры мен сырын, тылсым табиғатын еркін білуі. Құнарлы, шұрайлы сөздерді еркін білгендіктен бо­ лар, жазушы әңгімелері қысқа, бірақ нұсқа. Адамды қажытып, шаршататын жөні жоқ суреттеулер, жадағай баяндауда, артық жолдар мүлдем жоқ. Әр сөз өз орнында, өз міндетін керемет орындайды. Түйін сөздер: философиялық проза, адамгершілік, ар, адам тағдыры, махаббат, адам кұдіреті, адам болмысы.

Жарияланды

2018-10-14