ЕҚЫҰ рөлі және Орталық Азиядағы қауіпсіздік

Авторлар

  • С. К. Кушкумбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. Ж. Кушкумбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

2014 жылдың басында Украин-Ресей қақтығысы туындағалы бері ТМД кеңістігінде басқа да қақтығыстардың өрбу қаупі туындап отыр. Олардың арасында Приднестровьеге қатысты жағдай, Таулы Карабахқа қатысты жағдайдың реттелуі, Қырғызстандағы тұрақсыздық және т.б. Ал энерге- тикалық қауіпсіздік саласында жаңа транспорттық желілердің құрылуына қатысты мәселелер бар. Қауіпсіздік мәселелерінің шешіміне түрлі жаңа транспорттық артериялардың салынуы мен ор- тақ пайдаланылуы кіреді. Олардың еуразиялық кеңістікті біріктіретін әлеуеті бар. Жаңа транспорт- тық коммуникациялар ашып, мемлекетаралық транспорттық инфрақұрылымды жақсарту арқылы әріптестікті дамытуға болады. Қазақстанның мұндағы геоэкономикалық белсенділігі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Солтүстік – Оңтүстік» трансконтинентальды транспорттық желілерін іске асыру мен аймақтағы тұрақтылықты нығайтуды қамтиды. Түйін сөздер: ЕҚЫҰ, қауіпсіздік, Орталық Азия.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-14