Құндылық сананың деңгейлік иерархиясының идеалды-нормативті үлгісін қалыптастырудың теориялық негіздері және әдістемесі
Аңдатпа
Құндылықтар белгілі бір мәдени матрицада адамның бағыт-бағдарлары мен ұстанымдары ре- тінде қалыптасады. Сонымен қатар, құндылықтардың тарихи, динамикалық және плюралистік си- паты мен олардың бір-бірімен байланыстылығын зерттеу кезінде ескеру керек.
Жағдайларды эмпирикалық бағалау негізінде қоғамдық ережелердің, аксиологияның тұжы- рымдамалық және әдіснамалық негіздерін өңдеу қазіргі мемлекеттердің дамуының негізі ретінде қазақстандық ұлттық бірегейлікті сақтау, құқықтық мемлекет пен демократиялық институттарды қалыптастыру және оның әрі қарай табысты жұмыс істеуі үшін балалар мен жастардың құндылық- тық бағыт-бағдарларын мақсаттық қалыптастыруының маңыздылығын көрнекі көрсетуге мүмкін- дік тудырады. Әлеуметтік-гуманитарлық білімде құндылықтардың әдістемелік мазмұнын анықтау, жүйелеу мен жіктеу мәселелері бойынша бір-біріне қарама-қайшы көптеген теориялар қалыптасқан. Құн- дылықтық бағыт-бағдарлар мәселесін жаңаша интерпретациялау кезінде жаңа зерттеу шешімдері концептуалдық өзгерістерді жою арқылы емес, теориялық бағыттар мен олардың дамуын контами- нациялау негізінде жасалынады. Түйін сөздер: тұлға, дүниетанымдық және рухани құндылықтар, мұраттар, қажеттіліктер, нор- малар, құрылым, аксиология.
