Экстремизм, қатыгездік, төзімсіздікке қарсы тұру жолдарын қалыптастыру
Аңдатпа
Мақалада төзімді тұлғаны тәрбиелеу мәселесі қарастырылады. Зерттеушілер жастардың (18- 25 жас) көңіл күйлері мен ұлтаралық ұстанымдарының маңыздылығын атайды. Осы аталған топ – барынша наразылық шараларына жылдам берілгіш келеді. Төзімділікті қалыптастыру – ұзақ әрі күрделі үрдіс, ол барлық әлеуметтік шындықтар, қоғам, отбасындағы қатынастар, білім беру мекемелері, жалпы қалыптасқан көзқарастардың оның мүшелері мен басқа адамдарға және қоғамға, қатарластардың және қоршаған адамдардың ықпалы арқылы жүзеге асады. Қоғамдық ортада террористік және экстремистік көріністермен күресудің басты бағыттарының негізі ретінде оның алдын алу жұмыстарын жүргізу бірінші кезекте тұрады. Оқу орындарында экс- тремизмге қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Бұл мәселенің бірден бір шешімі діни экс- тремизмнен сақтандырудың жолдарын ұсынатын тақырыптарды қамтитын пәндерді жоғары кәсіби білім беретін оқу бағдарламаларына енгізу болып табылады. «Дінтану» курсы осы құбылыстармен байланысты әлеуметтік қатерлі жағдайларды жастардың дұрыс бағамдауына, адамдардың санасын жаулауға қарсы тұратын психиканы бақылаудың қажетті формаларын қолдануға, тоталитарлық сипаттағы діни ұйымдар мен ғұрыптардан зардап шеккендерге көмектесуге мүмкіндік береді. Түйін сөздер: экстремизм, дағды, жастар, таңдау курстары, білім беру бағдарламасы, дінтану, деструктивті діни ұйымдардың типологиясы, төзімді тұлғаны тәрбиелеу.
