Театр семиотикасы: қазақ драма театрында сценографиялық мән туғызу
Кілт сөздер:
театр, семиотика, психоанализ, онтикалық болмыс, сценография, спектакль, мәдениеттану теориясы.Аңдатпа
Мақалада театрдағы және сценографиядағы мәтіннің пайымдалу мәселесі пластикалық және визуалдық өнердің мағына құраушы бастамасы ретінде қарастырылады. Осыны негіздеу үшін автор мәдениеттанушылардың өнерге қатынасында жасақтаған бейсаналықтың философиялық парадигмаларын пайдаланады. Автор театр тарихында өткен реформалары мен сапалы өзгерістерді қарастыра келе қазақ театрындағы бүгінгі көрінісіне семиотикалық талдау жасауға тырысады. Мақалада психолог әрі философ А. Менегеттидің «онто-инсе», француз мәдениеттанушылардың бейсаналылық теорияларын қазіргі заман театрын түсінудің негізгі бір мүмкіндігі ретінде ұсынады. Себебі, дәстүрлі емес театрдың көркем үдерістерін пайымдау әдіснамасы біздің қоғамда қалыптасқан ұғымдар мен түсініктер арқылы қабылдауда өзіндік қиындықтар туғызады. Сондықтан, өнердің жаһандық-эстетикалық мәндік белгілерін осы теориялар негізінде ажырату мен зерттеу өзекті.
