Ага-Хан исмаилиттерінің діни сенімдері
Кілт сөздер:
Шииттер, исмаилиттер, Ага-Хан, имамат, әһли-бәйт.Аңдатпа
Әлемде белсенді қызмет етіп отырған, кезінде орта ғасырда террорлық әрекеттерімен танымал болған исмаилиттік сектаның тарихи жалғасы болып келетін Ага-Хандар институты арнайы зерттеуді қажет ететін діни ұйымдардың бірі. Ага-Хан исмаилиттері шииттік исламның бір тармағы ретінде пайда болғанымен тарихи даму барысында қызмет ету ерекшеліктері мен діни сенімдері өзгерістерге ұшыраған, халықаралық ұйымдар тарапынан кең қолдауға ие діни ұйымдардың қатарына жатады. Бұл ағым өкілдері әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде артта қалған, таулы аймақтарда өмір сүретін халықтарға оқу-ағарту саласында және т.б. салаларда қайырымдылық іс-шаралар жасап әлемдік қауымдастық назарын өздеріне аудартып келеді. Орталығы Францияда орналасқан Ага-Хан исмаилиттері әртүрлі діни және қоғамдық қызметтермен айналысатын үлкен ұйым. Ага-Хан исмаилиттері діни ұйым болумен қатар соңғы уақытта әлеуметтік, саяси, экономикалық бағыттарда да жұмыстар жүргізіп келеді.







