Зайырлы мемлекет пен дін қарым-қатынасы: салыстырмалы талдау
Аңдатпа
Бұл мақалада біз қазіргі мемлекеттердің конституцияларындағы ресми мәлімделген дін және дін ұстану бостандығы нормаларының орындалу мәселесін талдаймыз. Осы зерттеуде мақсаты мемлекет басқарудағы діннің рөлін шектеу болып табылатын қазіргі зайырлы мемлекеттерге тән үш үлгіні қарастырамыз: мемлекет пен діннің аражігінің толықтай ажырауы; үкіметтің бейтарап қатынасы; секуляризмнің лаицизм сынды формасы. Біз бірнеше еуропалық елдердің дін мен билік арақатынасына байланысты таңдаулы саясатты қаншалықты ұстанатыны жайында салыстырмалы талдау жасадық. Осы арқылы кейбір жағдайлардың тұжырымы мемлекеттік дінмен байланысты
болатынын анықтадық. Зерттеу барысында алынған нәтижелер көптеген мемлекеттердің
осы зерттеуде таңдап алынған кез келген нормалардың негізінде бұл ережені ұстанбайтынын
көрсетеді.
Түйін сөздер: конституция, лаицизм, дін, зайырлылық, секуляризация.
