Қазақстан мен Германияның екіжақты ынтымақтастық тұрғысындағы жоғары білім интернационализацияcы

Авторлар

  • Г. Мухамбеткалиева С. Сейфуллин атындағы казақ агротехникалық университеті

Аңдатпа

Мақала Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық мәселелері тақырыбында
өрбиді. Ежелгіден орын алған тарихи байланыстарымыз, неміс қоғамдастығының белсенді
жұмысы, екіжақты тәжірибе алмасу ұмтылыстары екі елдің қарым-қатынасында өзекті мәнге ие.
Германия қазіргі таңдағы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайтын жетекші елдердің бірі.
Қазақстандық білім беру саясатының реформалауда мұндай әлемдік үрдістер мен стандарттар
өте маңызды. Осыған байланысты, зерттеудің негізгі мақсаты Германияны өрнек ала отырып,
Қазақстан Республикасындағы жоғары білімді интернационаландыру процесінің дамуын
сипаттау. Жоғарыда көрсетілген мақсатқа назар аудара отырып, мынандай ғылыми-зерттеу
міндеттерін анықтадық:
– екі жақты ынтымақтастық үшін Қазақстан мен Германияны мысалға ала отырып, жоғары
білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастырудағы жоғары білімді интернационалдандыру
рөлін көрсету;
– Қазақстан мен Германиядағы жоғары білімді интернационаландыру заңдары мен
принциптерін анықтау;

– интернационалдандыруды қазіргі заманғы білім беру саласының басты тренді ретінде
зерттеу;
– «интернационаландыру» тұжырымдамалық идеясын толықтыру;
– жоғары білімді интернационалдандыру мақсатында жаңа мүмкіндіктер анықтау.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік құралдары шетелдік және отандық құжаттар
негізінде орындалды. Зерттеу тақырыбы білім беруді дамыту бағдарламаларымен, ҚР Президенті
Жолдауымен тікелей байланысты. Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы да зор. Нәтижелерін
университеттердегі білім беру жүйесін дамытуда, түрлі елдермен халықаралық ынтымақтастық
құруда, оқу-әдістемелік құралдар дайындауда да қолдана аламыз. Бұл қорытындылар жоғары
білімді интернационаландыру жұмыстарында, сондай-ақ білім беру саясатын жаңғыртуда үлесін
қосады.
Түйін сөздер: білім беру интернационализациясы, халықаралық ынтымақтастық, әлемдік
білім беру кеңістігі, интеграция, жаһандану.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-09-19