Студент жастардың электоралды-құқықтық мәдениеті (оралмандарды мысалы негізінде)
Аңдатпа
Студенттердің электоралды-құқықтық мәдениетін көтеру мемлекеттік институттардың басты
міндеттерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ студенттердің құқықтық мәдениетінің қалыптасуы
мен дамуының негізгі факторлары: білім, университет, БАҚ, интернет, билік органдары, отбасы.
Бұл аспектіде, авторлар қызығушылығы ЖОО қызметін (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мысалы
негізінде) оралман студенттердің электоралды-құқықтық мәдениетін қалыптастыру және
көтерудің бір құралы ретінде қарастыруға бағытталған.
Студент жастардың электоралды-құқықтық мәдениеті жоғары білім беру жүйесінің ажырамас
бөлігі болып табылады және мәдениетті университеттің шығармашылық және тәрбиелік
қызметінің үрдісі ретінде ұғынуға негізделеді. Дәл осы университет қабырғасында және
студенттік ортада тұлғаның саяси және азаматтық әлеуметтенуінің басым бөлігі қалыптасады. Бұл
жағдайда білім беру жүйесінің міндеті анық – студенттердің қалыптасқан азаматтық позициясы
мен саяси мәдениетін әрбір құқықтық нормаларды азаматтық сенім тұрғысынан сақтайтындай
деңгейге жеткізу. Бүгінгі таңда университет жастарды саяси процестерге тартуды арттырудың
ауқымды құралдары мен тәсілдеріне ие. Олардың ең тиімділері: жоғары білім беру жүйесі, оның
әлеуметтік-тәрбиелік қызметі және ЖОО-ның корпоративті бұқаралық ақпарат құралдары.
Түйін сөздер: электоралды-құқықтық мәдениет, студенттік жастар, оралмандар.
