Орындаушы – музыканттың кәсіби әрекетіндегі рефлексиялық үдерістер

Авторлар

  • Б. Н. Нүсіпжанова Казахская национальная академия искусств им. Т. Жургенова

Кілт сөздер:

рефлексивті үдерістер, орындаушы музыкант, музыкалық-орындаушылық әрекет, музыка.

Аңдатпа

Мақалада рефлексия категорияларының сатылы дамуындағы тұлғаның өзіндік белсендіруін белгілеуге, маңызы мен көп аспектілі пайымдау бағыттарының мәндік қырларын ашуға қадам жасалған. Мамандандырудағы рефлексиялық әрекеттер орындаушы музыкант әрекетіне психологиялық негіз болады. Өйткені, музыкалық материалды меңгеру біліктілігі ізденіс пен мәндерді таңдауды көздейді. Бұл мәселеге қызығушылық — белсенді орындаушы-музыканттың кәсіби әрекетіндегі рефлексиялық үдерістер табиғатын тереңірек қарастыруда. Рефлексиялық сананың зерделі тетіктеріне сүйене отырып өзін өнерге қызмет етуге арнаған тұлға аймағына ену. Орындаушылық саласында музыканттың рефлексивті үдерістеріне мән беру, сондай-ақ, оның ерекшеліктерін белгілеу, таңдалған кәсіпте маманның ойлау жүйесіндегі рефлексиялық қасиеттерін зерттеудің іргелі аспектілерін түсіну қажеттілігі анықталады.

Жүктеулер