Сауд Арабиясы Корольдігінің заңдары: шариғат нормаларының өзгеруі

Авторлар

  • А. Асан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалдаа шариғат заңдары уақыт өте келе өзгеріске ұшырамайды, ал осы бағыттағы
талпыныстарды дінбұзарлық немесе бос сандырақ деген батыс зерттеушілерінің пікірлері
талданады. Алайда осы мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, кез келген заң секілді шариғаттың
да (мұсылман құқығы мағынасында) өзгеріске ұшырайтындығын аңғаруға болады, оған қасиетті
Құран Кәрімдегі мәтіндер дәлел, мысалы, әл-Бақара сүресінің 106-аятында «Бір аятты ауыстырсақ
немесе ұмыттырсақ, одан жақсысын, не сол сияқты келтіреміз...» делінген. Бұл мақалада қасиетті
дереккөздерде міндетті етіп көрсетілген бұйрықтарды өзгерту жайында емес, «шариғат заңдары
дегеніміз не?» және «олар мұсылман елдерін өркениет пен өркендеу бағытынан кері тартатын
нәрсе ме?» деген мәселелерді түсінуге талпыныс жасалған.
Тақырыпты ашу үшін ислам дінінің отаны саналатын ел Сауд Арабиясы Корольдігі таңдалып алынды.
Оның заңдары ортағасырлық дәстүрді сақтай және құқықтық өрісті модернизациялай отырып
ислам құқығына негізделген. Қазіргі қоғамның сын-талаптарына сүйене отырып, зерттеу әдістемесі
ретінде салыстырмалы талдау және араб, ағылшын, орыс тілдерінде бар материалды жинақтау алынды.
Бұл жұмыстың басты құндылығы – мәселені әр қырынан қарастырып, оның себебін түсінуге тырысу.
Түйін сөздер: Сауд Арабиясы Корольдігі, шариғат, өзгеріс, салыстырмалы талдау, сот жүйесі,
құқық көздері, модернизация.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-09-19