Түркілік және еуропалық мәдениеттердің өзара ықпалы: ретроспективтік дискурс
Аңдатпа
Бұл мақалада жүздеген жылдар бойы ежелгі түркілер мен еуропалық елдер арасында
қалыптасқан мәдениетаралық және өркениетаралық қатынас мәселелері қарастырылады.
Мақала авторларының алдына қойып отырған негізгі мақсаты – түркі халықтарының қолжеткен
жетістіктеріне жалпы шолу жасау және барынша қысқаша түрде жүйелеу, әлемдік өркениеттегі
түркілердің рөлін объективті түрде көрсету, адамзат тарихындағы түркілердің рөлін төмендететін
немесе кемсітетін әлі де болса ғылымда орын алып отырған еуропацентристік мифтер мен
стериотиптердің бетін ашу. Түркілік әлем бүкіл тарих бойында бірегей жерұйық – әлемдік
тарихтың бүкіл үдерісіне шешуші түрде ықпал жасаған ең алғашқы және құдіретті мәдениет
пен өркениеттің отаны болып табылды. Сонымен, түркілік мәдениеттің ерекшелігі сонда,
ол еріксіз әлемдік мәдениеттің Шығысы мен Батысындағы барлық жақсыларын өз бойына
жинақтады, алайда сол құндылықтарды өзіне сіңіре отырып, ол өз қайталанбас бет-бейнесін
және өзіндік дәстүрлі мәдениетін сақтап қала білді. Мақала авторлары сонау көне дәуірлерден
тамыр тартатын Ұлы дала Дешті-Қыпшақ хандары мен билеушілерінің Шығыстың да, Батыстың
да әртүрлі мемлекеттері және елдерімен дипломатиялық өзара қарым-қатынаста болғанын
куәландыратын дерекөздеріндегі мәліметтерге назар аударады. Ортағасыр дәуіріндегі Еуропа
елдері мәдениетінің қалыптасуы мен дамуына түркілердің шешуші ықпалы атап өтіледі.
Түйін сөздер: Ежелгі түркі мәдениеті, Ұлы Жібек жолы, Ұлы дала, дипломатия, хунну, түркілер.
