Қазақстандағы діни толеранттылық мәдениеттің қалыптасуының қажеттілігі және негізгі әлеуметтік-мәдени факторлары
Аңдатпа
Қазіргі кезеңде қазақстандық қоғам үшін маңызды мәселелердің бірі Қазақстан қоғамындағы діни толеранттылық мәдениеттің қалыптасуы болып табылады. Берілген мақалада авторлар мемлекеттің мәдени – діни қауіпсіздігі мен қоғамның тұрақтылығын сақтауға кері әсерін тигізетін негізгі әлеуметтік факторларды анықтауды міндет етіп қойып отыр. Авторлар конфессияаралық пен этникааралық қатынасқа жаһандану мен жаңғыртудың әсерін атап көрсеткен. Авторлар қоғамда пайда болған кейбір қауіп-қатердің бар екендігін көрсеткен.
Түйін сөздер: толеранттылық, діни толеранттылық, көші-қон, қалалану, жаһандану.
