Ричард Рорти неопрогматизмі: құқық дискурсының кейбір аспектілері

Авторлар

  • Д. А. Рыскулбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Аңдатпа

Мақала, Америка ойшылы, неопрагматизмнің негізін қалаушы Ричард Рорти ұсынған адам
құқықтары теориясын қарастыруға арналады. Мақала тақырыбының өзектілігі Ричард Рортидің
дәйек сөздері АҚШ-та ғана емес, сондай-ақ Еуропада да кеңінен қолданылатын философ
болғандығынан басқа, оның идеяларының Батыс әлемінің заманауи философия қоғамында жақсы
қабылдануына байланысты. Аталған зерттеудің мәні неопрагматизм тұжырымдасын талдауда,
сондай-ақ Р. Рортидің адам құқығы саласына енгізген инвестиция бағалауында жатыр. Зерттеу
барысында қолданылатын әдістер: салыстырмалы-салғастырмалы талдау және сипаттамалы
қайта құру. Жұмыс барысында Ричарт Рортри философиясының келесі тараулары талданды:
біріншіден, философия дискурсының эпистемиологиясының сыны; екіншіден, неопрагматизмнің
негізгі ережелерін талдау, оның ішінде шынайылық теориясы; үшіншіден, тілектестік пен
сүйіспеншілік – адам құқықтары мәдениетінің негізгі түсініктері. Сонымен қатар, жұмыстың
қорытындысы жоғары оқу орындарында «Америка философиясы» және «Саясат философиясы»
курстарын оқытуда қолданылуы мүмкін.
Түйін сөздер: Ричард Рорти, неопрагматизм, шындық, эпистемология, аналитикалық философия, теориялық адам құқығы, адамгершілік.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-09-14