Постклассика тұрғысындағы тарих

Авторлар

  • G. Kh. Myamesheva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. Mussalin Халықаралық бизнес университеті image/svg+xml
  • K. K. Kindikbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада тарих өзгеше көзқарас пен өзгенің көзқарасы призмасы түрінде қаралады. Тарих, көзқарас және басқа түсініктерінің мағынасы ашылады. Ф. Ницщенің монументалды, антикварлық және сын концепциялары талданады. Адам – белсенді және болашаққа ұмтылушы тіршілік иесі, сондықтан ол монументалды тарихқа мұқтаж. Қорғаушы және құрметке ие тіршілік иесі ретінде адамға антикалық тарих қажет, ал қиын кезеңде азап шеккенде немесе бостандыққа ұмтылғанда сыни тарих қажет. Сонымен қатар, мақалада классикалық және постклассикалық Өзгенің түсініктемесі, батыс рационализмнің омектоцентризм теориясы беріледі. Өзгенің өзгеше өзімнің Мені деп түсіну Гегельдің сәйкестік философиясынан бастау алады. Сол кезеңде постклассикалық көзқарас айырмашылық қағидасына негізделген болатын. Өзгелерді дербес және Менге бағынышты емес құрылым ретінде қарастырады. Классикалық көзқарастың бірнеше нұсқасы бар: Х. Ортеге – Гассеттің, Ж.-П. Сартрдің, Гуссерлдің өзге ол – өзге сана; М. Бубердің Өзге жақын адам ретінде; Өзге ол мүмкіндік, жағдай, Мен, басқамен сұқбат М.М. Бахтин, С.Л. Франк; Өзге ол – өмірлік әлем мен коммуникацияға қатысушы ретінде Ю. Хабермас. Постклассикалық философияда М Фуко, Дж. Лакан, Дж. Делузе, Э. Левинас Өзгелер басқалар арқылы әлемге деген көзқарас, құрылым ретінде қарастырады. Осы теория мен тұжырымдамалар арқылы дала тарихы, жаңа хронология, әлеуметтік теорияның принциптері түсініктері қалыптасады. Өзгеше көзқарас тарихындағы нақты немесе нақты емес, әдебиеттегі ішкі және сыртқы мәселелерді
қамтиды. Өзгенің көзқарасы бұл – жаңа/дәстүрлі хронологияның, философтың, тарихшының,
логиктің, сенсориктің сұқбаты.
Түйін сөздер: тарих, өзге көзқарас, окулоцентризм, симулакрум, постклассикалық, ақпараттық метобализм түрі, шындықтың әсері.

Жарияланды

2018-09-14