Адамзат тарихындағы миссионерліктің қалыптасу ерекшеліктері

Авторлар

  • А. Д. Құрманалиева Әл-Фараби атындағыҚазақ ұлттық университеті
  • Д. С. Утебаева Әл-Фараби атындағыҚазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

миссионерлік, прозелитизм, миссия, буддизм, христиандық, ислам діні.

Аңдатпа

Қазақстандағы діни жағдайды таныстыру үшін, елдегі діни негіздегі мәселелердің бар екенін көрсету аса маңызды. Тарихта алпауыт елдердің өзінен әлсіз елдерді басып алуы ол елдің мәдениетін, дінін, ұлттық бірегейлігін жоюға талпынысынан байқалады. Қазақстандағы миссионерлік қызмет басым бөлігінде шетелдік миссионерлермен жүргізіледі, халықаралық құжаттармен және отандық заңнамалық актілермен реттестіріледі. Миссионерлік мәселесінің отандық қана емес, алыс-жақын шетелдің діни жағдайымен байланысты болуы мақаланың өзектілігін көрсетеді.
Авторлар мақалада миссионерлік ұғымының адамзат тарихында пайда болу, қалыптасу тарихын және бүгінгі таңдағы көрінісіне талдау жасайды. Миссионерлік ұғымына байланысты «прозелитизм», «конверсия» терминдеріне түсіндірме береді. Қоғам мүшелерінің діни санасын қалыптастырудағы миссионерліктің әсерін, еліміздің тарихындағы миссионерлік арқылы келген экспансия, рухани дағдарыс, қазіргі уақыттағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің миссионерлік қызмет ерекшеліктері, олардың түпкі мақсаттарын айқындаудың қоғамдық маңызы зор екеніне көңіл бөледі.
Сонымен бірге, миссионерлік қызмет стратегияларын зерттеу, діни, азаматтық және мемлекеттік бірегейлікті сақтау аясында маңызды екеніне назар аударады.
 

Жүктеулер