Қазақтану – ұлттық, рухани өрлеуді зерттеудің пәнаралық бастауы және кешенді бағдары
Аңдатпа
Қазақтану дегеніміз философиялық-гуманитарлық білімнің жаңа жүйесі және бағдары; қазақ халқының тарихын, өміршең дәстүр-салты мен тәжірибесін кеңірек әрі жүйелі қарастыратын, бірақ қалыптаса қоймаған ілім; Қазақстанның мәдени-гуманитарлық аясын, рухани жаңғыруын тұтас қамтитын идеялық-философиялық базасы; республикадағы халықтардың жан дүниесін бір-бірімен үйлестіретін әрі халықаралық деңгейде жетілдіретін ұстанымдар ауқымы және әдістемесі.
Қазақтану халықтың тұтас бейнесі мен ұлттық сана-сезімін нығайтуға, оның жан дүниесін қоғамдық келісімге орай жақындатуға және халықаралық даму тәжірибесін тұжырымдауға арналған кешенді де арнайы әдістемесі, оқу-ағарту қызметінің діттеулі де ауқымды тоғысы.
Автор осы тұрғыдан жаңа оқу-ағартушы пәнінің зерттейтін объектісін, мақсат-міндеттерін, оны жетілдіру бағдарын анықтайтын өзінің көзқарасын оқырмандарға ұсынады.
Түйін сөздер: мәдени-гуманитарлық даму, рухани өрлеу, ұлттық біртектілік, ұлттық құндылық, қоғамдық және рухани жаңғыру.







