Қазақстан қоғамындағы діни сана трансформациясы

Авторлар

  • K. Borbassova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. Buzheyeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан қоғамының діни санасының қалыптасуы мен дамуы, діни жағдайдағы өзгерістер және діндердің өзара қарым-қатынасындағы төзімділік мәселесі қарастырылған. Авторлар қазақ халқының рухани мұрасымен үйлесетін діндердің өткені мен бүгініне, мәдени және тарихи маңыздылығына талдау жасайды. Сонымен қоса мақалада Қазақстандағы ислам діні мен оның өзге діндермен ортақ мүддеге негізделген қарым-қатынасы, олардың қазақ жеріндегі қалыптасуы мен дамуы сарапталып, тұжырым жасалған. Соңғы әр жылдардағы Қазақстан халқының діндарлық деңгейі салыстырылып діни санасындағы өзгерістерге талдау жасалады. Қорытындыда дінге Қазақстан қоғамындағы біріктіруші фактор, сонымен қоса әлеуметтік мінез-құлықты реттейтін табиғи нормативтік-құндылықтың құраушысы деген баға беріледі.
Түйін сөздер: діни сана, дінаралық келісім, діни айқындалу, тәңіршілдік, ислам.

Жарияланды

2018-09-13