Еуразияның дәстүрлі өркениеттері кең мәтініндегі қазақ мәдениеті
Кілт сөздер:
сәйкестендіру, еуразияшылдық, дәстүр және жаңашылдық, Шығыс және Батыс, толеранттылық, өркениет, номадшылдық, ислам.Аңдатпа
Мақала Еуразияның өркениеттік аясындағы қазақ мәдениетінің орны мен рөлін анықтауға арналған. Сонымен бірге жаһандану мен жекелену жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-мәдени даму үлгілерін таңдау мәселесі де қарастырылады. Қазақ мәдениетін сәйкестендіру үдерісі оның номадтық, исламдық, ресейлік, орталық-азиялық және шығыс-азиялық өркениеттерімен қарым-қатынасында сипатталады. Мәдени империализм, дәл солай мәдени ұлтшылдықпен қатар, ешқашан ілгерілеу мен гүлденуге жеткізбейді. Ұлтшылдық ерекшеліктерде тұраланып қалады. Империализм оларды ескермейді және елемейді. Ұлтшылдық кіші мәдениеттердің атынан тәуелсіздік, бірегейлік, дербестілік ұрандарын қайталай береді. Империализм – іс жүзінде бұл Үлкен мәдениеттің ұлтшылдығы – кіші мәдениеттердің болашағын терістей береді. Мақала авторы бұл тығырықтан шығу жолы деп мәдениеттер сұхбаты идеясын қолдайды.
