Радикализм феноменін салыстырмалы тарихи талдау (Ұлыбритания және Германия мысалында)

Авторлар

  • Е. Ө. Садибеков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Бүгінгі күні әлемдік қауымдастықта ең өзекті мәселелердің бірі радикализм мен экстремизм болып табылады. Дегенмен ғылыми дискурста аталған феномендерге қатысты плюралистік көзқарас қалыптасқан. Терминдердің бірегей, жалпымен қабылданған анықтамалардың болмауы практикалық тұрғыда, атап айтатын болсақ, бұл құбылыстарды бағалау, потенциалды қауіп деңгейін анықтау және қажетті қарсы әрекет құрастыруда белгілі бір қиындықтар туғызады. Сол себепті мақалада қоғамдық өмірдегі көп кездесетін феномендер радикализм және экстремизм терминдері талданды. Сонымен қатар, әр терминнің өзіндік ерекшеліктері белгіленіп, олардың қоғамдағы пайда болған себептері сарапталды. Мақаланың негізгі мақсаты радикализм түсінігін батыс, ресей және отандық зерттеушілердің еңбектерін зерттей келе айқындау және экстремизм түсінігінен ажыратып алу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін радикализм терминінің тарихы қаралып, Ұлыбританиядағы және Германиядағы даму тарихының ерекшеліктері талданды. Ерекше көңіл радикализм терминінің этимологиялық негізіне бөлініп, оның әр тарихи кезеңдегі мағынасы айқындалды. Мақалада радикализм терминіне анықтама берудегі саяси ахуал да ескеріліп, баға берілді. Болашақта зерттеу нәтижелері діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет бағдарламаларын даярлау, ақпараттық топтардың жұмысы үшін контрагитациялық дәрістерді, сонымен бірге дінтану, тарих, саясаттану және дін әлеуметтануы сынды пәндерге дәрістер жасақтауда қолданылуы мүмкін.
Түйін сөздер: радикализм, радикал, экстремизм, терроризм, термин.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-08-02