Секталардың немесе жаңа діни қозғалыстардың Батыс Еуропалық мемлекеттердің өміріндегі ықпалы мен әсері

Авторлар

  • K. S. Yerzhan Нүр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
  • A. Ye. Abubakirova Нүр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Аңдатпа

Бұл мақала секталардың немесе жаңа діни қозғалыстардың Батыс Еуропа елдерінің саяси-әлеуметтік өміріне ықпалын сипаттауға арналған. Негізгі назар қазіргі қоғамдағы жаһандану үдерісінің контексіндегі секталардың немесе жаңа діни қозғалыстардың рөлі мен қызметіне аударылды. Сондай-ақ секталардың жіктелуінің бірнеше түрі тарихи, психологиялық, мәдени, интеллектуалды тұрғыдан қаралды. Бұл ұйымдардың жұмыс істеуі осы елдердің тарихындағы нақты уақыт кезеңіне сәйкес зерттелді. Зиянды әсерлермен күресуге және секталардың қызметіне байланысты жалпы мәселелерді реттеуге немесе тұрақтандыруға бағытталған қызметтің ажырамас бөлігі ретінде қабылданған маңызды құжаттар зерттеліп, сипатталды. Осы ұйымдардың айналасындағы жағдайды реттеуге жауапты халықаралық және жергілікті ұйымдардың еңбектері сыни түрде қаралды. Бұл ұйымдардың діни аспектілері ғана емес, сондай-ақ нақты фактілер мен нақты жағдайлардың көмегімен экономикалық, саяси, әлеуметтік, психологиялық аспектілері сипатталды. Белгілі бір елдердің мысалында секталардың қызметі себебінен туындаған нақты қатерге қарсы шешімдер мен іс-әрекеттер көрсетілді. Діни көзқарастар мен моральдық талаптар артына жасырылған секталардың негізгі мақсаттары мен міндеттерінің толық және шын мәнісуреттелді. Батыс Еуропа елдерінің зайырлы сипатына байланысты секталарға қарсы қатаң
шаралар қабылдау кезінде туындаған қиындықтар мен кедергілер де сипатталды.
Түйін сөздер: секталар, жаңа діни қозғалыстар, жүйелер, зорлық, психика, есептер,
ұсыныстар, заңдар, шаралар.

Жарияланды

2018-08-02