МӘДЕНИ МҰРА ФЕНОМЕНІН ЗЕРТТЕУДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ КӨЗҚАРАС
Аңдатпа
Мақаланың авторы мәдени мұраның феномені туралы теориялық-концептуалды және философиялық-әдіснамалық көзқарастарды талдайды. Отандық ғалымдардың мәдени мұра мәселелерін зерттеудің негізгі бағыттарын қарастырады. Мәдени мұра мәселесін зерттеудің мәнін және тарихын талдай отырып, автор осы мәселенің қазіргі заманғы интерпретациясы біртіндеп дамып келе жатқанын атап көрсетеді. Бастапқыда мәдени мұраның мәні ортақ мәдениет тұжырымдамасы шеңберінде қаралды, кейіннен батыстық философтар мәдени мұраның мәнін зерттеуге елеулі үлес қосты. Қазіргі заманғы тұжырымдамалық көзқарастарда мәдени мұра мәдени игілік объектісі ретінде анықталады. Мақалада автор мәдени мұра терминінің лексикалық-семантикалық талдауын жүргізеді. Автордың айтуы бойынша көптеген ресейлік және батыстық ғалымдар мәдени мұраның келесі түрлерін ажыратады: табиғи эстетикалық ерекшеліктері бар табиғи объектілер; халықтың әлеуметтік-мәдени тәжірибесі, мәдени нысандары мен құбылыстары. Автордың пікірі бойынша мәдени мұра мәселесін зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі аксиологиялық көзқарас болып табылады. Осы көзқарасқа сүйене отырып, автор келесі мәдени мұраның құрылымын ұсынады: мәдени құндылықтар, мәдени дәстүрлер, мәдени игілік. Мақалада автор мәдени мұраның компоненттерін сипаттайды және қазақ халқының мәдениетінің үлгісінде олардың рөлін анықтайды.
Түйін сөздер: мәдени мұра, құндылық, мәдени дәстүр, дәстүр, мәдени байлық, сабақтастық, қазақ мәдениеті.
