Қазіргі өркениет концепциясын философиялық талдау

Авторлар

  • Қ. Т. Нұрғалиев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада мемлекет пен биліктің, қоғамның өркениеттік дамуының қазіргі заманғы концепциялары қарастырылады. Автордың философиялық талдаулары аталған мәселеге оның көзқарастарын толықтай жеткізеді. Автор алға тартып, теориялық тұрғыдан жан-жақты талдап отырған қазіргі заманғы өркениет концепциясы мақаланың маңыздылығын білдіреді. Қазіргі өркениет концепциясына философиялық талдау жасау барысында белгілі болғандай, автордың ойынша, қазіргі заманғы демократиялық даму – қоғамның әлеуметтік дамуының негізі болып табылады. Автор қолданған салыстырмалы ғылыми-теориялық зерттеу әдістері қазіргі заманғы өркениет концепциясын философиялық талдаудың маңыздылығын ашып береді. Мақалада автор қоғамды жаңғыртудың негізгі шарты ретінде қоғамның ашықтығы мен оны жедел ақпараттандыруды, қоғам дамуында мәдениеттің атқаратын ролін, жаңа әлеуметтік серпіндерді халықтың игеруін және экономиканың динамикалық дамуын атайды.
Мақала теориялық жағынан да, практикалық жағынан да өте құнды әрі қызықты. Автордың философиялық талдауларының нәтижелерін қазіргі өркениет дамуының философиялық бағытын айқындауда, Қазақстан қоғамында күнделікті туындап жатқан көптеген әлеуметтік, рухани және практикалық мәселелерді шешу барысында қолдануға болады.
Түйін сөздер: эксперимент, гегомония, формация, өркениет, компонент, жаһандану, интеграл, өркендеу, секуляризация, десакрализация, гравитация.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-08-01