И. Кант философиясындағы білім беру мен рухани-адамгершілік құндылықтарының сабақтастығы

Авторлар

  • С. Ж. Еділбаева
  • Н. Ж. Құдайбергенова

Кілт сөздер:

И. Кант, білім беру, құндылықтар, өркениет, кате­гориялық императив.

Аңдатпа

Мақалада Канттың рухани-адамгершілік құндылықтар тура­
лы философиялық және педагогикалық ойларының сабақтастығы
идеясы келтірілген. Кант бойынша білім беру – бұл адамгершілікті
қалыптастыру, еркіндік пен автономияны сақтау. Канттың педагоги­
калы ойларының түпнегізі тек қана тәрбие арқылы адам қалыптасады
деген антропологиялық тұжырымға саяды. Кант тәрбие беруді жүйе­
лендіреді: тәрбие, мәдениет, өркениетке араласу, және категория­
лық императив негізіндегі адамгершілік. Білімнің өлшемі – бұл жеке
ақыл-ойы арқылы өзінің еркіндігін сақтайтын, демек, зердесін сақ­
тайтын адам. Білім берудің мақсаты – адамзатты кемелденуге бағыт­
тау, адамға өзінің болмысын іске асыруға көмегін тигізу және адами
болмысты дамыту.

Жүктеулер

Жарияланды

2015-04-01