Қала феномені және қаланың мәдени кеңістігі

Авторлар

  • Т. В. Сережкина Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті image/svg+xml
  • А. Ш. Абилтаева Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Қала ерекше дамыған постиндустриалды қоғам мен дәстүрлі мәдениеттің жалпы белгілерін көрсететін феномен. Қала екі кеңістіктің: географиялық, физикалық және семантикалық (мәдени) жиынтығы болып табылады. Қала географиясы – өз тарихы, рәміздері, рационалды тәртібі бар мағыналық кеңістік. Қаланың рәміздік мәні оның тарихын және де басқа құндылықтарын сараптауда болып табылады. Уақыт өте қаланың тұрғындарға әсер етуі өзгереді, ол оның сәулет құрылысынан және күнделікті әлеуметтік-мәдени практикасынан көрінеді. Қаланың мәдени кеңістігінің бастапқы күйін сақтау мүмкін емес, бірақ қаланың нақты тарихи кезеңін зерттеу және тану, қазіргі кезеңдегі мәдениетін сақтау маңызды іс болып табылады.
Түйін сөздер: қала феномені, қаланың мәдени кеңістігі, шекара транспаренті, мәдениет образдары, субмәдениет, рәміздер, белгілер.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-07-23