Қазiргi Қазақстандағы исламилық ағымдар қызметі және өзекті мәселелері
Кілт сөздер:
ислам, дәстүрден тыс исламдық ағымдар, миссио нерлік, терроризм, экстремизм, «Хизб-ут-Тахрир», Салафизм.Аңдатпа
Мақалада қазiргi таңдағы Қазақстан Республикасындағы ислам
дық ағымдар қызметінің ерекшеліктері және өзекті мәселелері қарас
тырылған. Республика территориясында таралып отырған белсенді
исламдық ағымдардың қоғамға кері әсерлері және ұлттық қауіпсіз
дікке келтіретін салдарлары зерттелген. Миссионерлік қызметте
рін іске асырып жүрген ағымдардың пайда болу тарихы мен Қазақ
стан Республикасындағы қызметі ерекшеліктері кеңінен баяндалған.
Хизб-ут-Тахрир, салафизм сынды ағымдардың республика аумағында
келтірілген зардаптары қарастырыла отырып, қоғамдағы діни сауат
тылық мәселесі көтеріледі. Осы мәселеге байланысты мемлекеттік
органдар тарапынан атқарылған іс-шаралар және қазіргі таңдағы ста
тистика берілген. Сонымен қатар дәстүрден тыс исламдық ағымдар
қызметіндегі психологиялық, әлеуметтік, экономикалық факторлар
қарастырылған және сауалнамалық зерттеу нәтижелері көрсетілген.
Мақалада ортодоксальді ислам ғалымдарының еңбектеріне сүйене
отырып осы ағымдардың жалған діни бағыт екені, сондай-ақ ислам
атынан әрекет етуші саяси топтар деген тұжырым жасалынады. Дәс
түрден тыс исламдық ағымдардың қоғамымызда таралуының негізгі
себептері қарастырыла отырып, алдын алу шаралары ретінде автор
бірнеше ұсыныстар жасайды. Мақала қоғамда экстремистік және
террористік ілімдердің таралуының алдын алуға және Қазақстан Рес
публикасы қоғамында жат исламдық ағымдар туралы терең мәлімет
тер беруге бағытталған.
