Білім беру философиясының пайда болуы туралы дискурс
Аңдатпа
дискурсБілім философиясы – бұл білім беру мен педагогикалық қызметті әдіснамалық және мазмұндық жағынан зерттейтін философиялық білімнің ерекше саласы. Оның қалыптасуы ХХ ғасырдан басталды. Ал бұл мақалада жаңа ғылыми бағыт – білім беру философиясының пайда болуының негізгі себептері талданады. Авторлар бұл күрделі мәселеге қатысты әр түрлі бағыттарды зерттейді, білім, педагогика және философияның тығыз байланысын көрсетеді, сонымен қоса бұл рухани өндіріс салаларының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ашады. Білім бұл адамның қоғамның мәдени және әлеуметтік өміріне толығымен араласуы үшін қажетті нақты білім жүйесі мен біліктілікті меңгеру процесі және нәтижесі ретінде қарастырылады. Бұл анықтамада білім, мәдениет, философияның өзара байланысы атап өтіледі.Авторлар әртүрлі зерттеулердің негізінде мынандай қорытындыға келеді. Білімді философиялық тұрғыда қарастыру қазіргі заман талабы, себебі қазіргі білім жүйесі білім беру концепциясын құруға қажетті рефлексивті механизмдерсіз өмір сүре алмайтын шекарадан өтті. Бұл білім философиясының жеке ғылыми пән ретінде қалыптасуының көп себептерінің бірі ғана екендігі мақалада көрсетіледі.
Түйін сөздер: білім, білім философиясы, білім теориясы, педагогикалық қызмет, мәдениет, пәнаралық теориялар, әлеуметтану, парадигма, жүйелі ойлау, гуманизация.







