Маңғыстау жеріндегі киелі орындарға дінтанулық және мәдениеттанулық талдау (Оғыланды жеріндегі Бекет ата, ХVIII ғғ., Шопан ата, Х-ХIХ ғғ., Қараман ата, ХIII-ХIХ ғғ., Масат ата, Х-ХIХ ғғ., Шақпақ ата IХ-Х ғғ., Сұлтан-үпі б.д. Х-ХIХ ғғ.)
Аңдатпа
Мақаланың мақсаты Қазақстанның киелі жерлерімен танысу және таныту ниетімен Қазақстан территориясында табылған киелі орындарды жүйелеу, ұлттық бірегейліктің негізін нығайту, өзіміздің киелі жерлеріміз бен мәдениетімізді зерттеу арқылы ұлттық кодымызды жаңғырту болып табылады. Қазақстанның киелі жерлерін түсінуге әрекеттену заманауи тұрғыда жүзеге асырылуы осы мақаланың өзектілігі болып табылады. Осы мақалада Маңғыстау жеріндегі қорымдар мен жерасты мешіттері жайлы баяндалып, дінтанулық және мәдениеттанулық талдау жасалынады.
Маңғыстау жерінде сақталған аңыздар бойынша, мұнда халық әулие санаған 360 сопы өмір сүрген және жерленген делінеді. Олардың есімдері негізінен Маңғыстаудың кең даласында жоғалып кеткенмен, халық жадында кең тараған Шопан-ата, Масат-ата, Сұлтан-үпі, Қараман-ата, Шақпақ-ата, Қошқар-ата, Бекет-ата, т.б сынды әулие-әмбиелер есімдері сақталған. Жергілікті тұрғындар осы күнге дейін олардың аттарын құрмет тұтып, мыңдаған зияратшылар олардың әруақтарына бас июге асығатын киелі орны болып табылады. Бұл мақалада жоғарыда аталып кеткен есімдер киелі, қасиетті саналып, халық арасында не себепті құрметке бөлінгендігі жөнінде айтылады.
Түйін сөздер: Бекет ата, Шопан ата, Караман ата, Масат ата, Шақпақ ата, Сұлтан-үпі ата.







