Төзімділік және агрессия: көптүрлілігі мен көріністері

Авторлар

  • Л. М. Ким Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • О. М. Борецкий Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақала көпқырлы да өзекті тақырыпқа – қоғамдағы агрессияға және қоғамдық төзімділік мәселесіне арналды. Теориялық зерттеудің басты міндеті – үш негізгі сұраққа жауап табу, олар: қандай да бір тәртіп үлгісінің шығу, туу себептері, солай болуға итермелейтін факторлар және агрессивті тәртіп пен төзімділікті қолдап-қорғайтынжағдайлар. Мақалада агрессия және төзімділік мәселесіне арналған ғылыми пікірлерді түгел қарастыру көзделген жоқ. Мәселені сыни тұрғыдан талдау барысында агрессия мен төзімділіктің ұшқары,ал кейде бірін-бірі өзара терістеуші көріністерін айқындау талпыныстары жасалды. Агрессия мен төзімділіктің табиғатын, мотивтерін және сан алуан көріністерін саралай келе авторлар екеуінің
қайшылықты бірлігі, яғни, өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігі туралы түйін жасайды. 

Түйін сөздер: төзімділік, төзімді мінез-құлық, агрессия, агрессивті мінез-құлық, агрессияның түрлері.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-06-13