Қазақстандағы конфессионалдық қарым-қатынастар: жағдайы, даму болашағы

Авторлар

  • А. Д. Курманалиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • К. К. Бегалинова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. Асан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы мемлекеттік-конфессионалды қатынастардың қазіргі күйі талқыланды. Зайырлы, сондай-ақ, көпконфессиялы Қазақстан қоғамында дін мәселесі қалай шешілетіні, түрлі діндер арасындағы бейбітшілік пен келісімнің сақталуындағы ислам және православие діндерінің оң рөлі, дін саласындағы және діни бірлестіктердегі заңнамалық актілердің талқылануы көрсетіледі. Конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізгі қағидалары мен принциптері, диалогтың рөлі, оны қалыптастырудағы толеранттылық ашылады. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін өткізуге де көңіл бөлінеді, соның арқасында Қазақстан діни және конфессияаралық қатынастар мәселелерін шешудің диалогтық алаңы ретінде әлемдік қауымдастықта лайықты мойындалды. Еліміздің мемлекеттік-конфессионалдық саясатында қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайту, түрлі күштерді, соның ішінде діни бірлестіктерді нығайту мәселелері маңызды кезең болып табылады. Түйін сөздер: мемлекеттік-конфессиялық қатынастар, дін, діни бірлестіктер, конфессиялық кеңістік, зайырлы мемлекет, діни сенім бостандығы, дінге төзімділік, келісім, толеранттылық, диалог.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-06-04