Қазақ мақал-мәтелдерінің интеллектуалдық және тәрбиелік қуаты

Авторлар

  • Н. Р. Мусаева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
  • А. Е. Есимова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
  • Р. А. Мусаев М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Аңдатпа

Мақалада мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының «Бабалар сөзі» топтамасының 65-66, 68 томдарында жарық көрген 15.848 мақал-мәтелдер арнайы сараптау объектісі болған. Мақал- мәтелдер қазақ фольклорының ағартушылық, тәрбиелік, тұлға баптаушылық мүмкіндігінің жоғары болғандығының айқын дәлелі. Өйткені олар өздерінің дүние-танымдық, коммуникативтік, аксиологиялық, акмеологиялық қуатымен өскелең заман талабына сай бәсекеге қабілетті, креативті тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Мақал-мәтелдердің жариялану ерекшеліктері арнайы қарастырылып, оларды топтау, жіктеу сапасына баға берілген. Өйткені аталған томдарда бұрыннан белгілі, сонымен қатар, енді ғана жарық көріп отырған мәтіндер де баршылық. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлінген Ата-ана, отан, бала тәрбиелеу, тіл, дін, мәдениет, ұрпақ сабақтастығы, толерантты қарым-қатынас, ел бірлігі, денсаулық, еңбекке бейімділік, біліктілік, дене еңбегі мен ой еңбегінің бірлігі қарастырылған. Білім, ақыл, ғылым жөніндегі мақал-мәтелдерге арнайы сараптама берілген.

Түйін сөздер: рухани мұра, мақал-мәтелдер, дүниетаным интеллектуалды қуат, креативті тұлға.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-06-02