«Мәңгілік ел» ұлттық идея тұрғысынан оқушы-репатрианттардың инкультурация үдерісін әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу қажеттілігі
Аңдатпа
Мақалада отанына оралған оқушылардың инкультурация үдерісі қазіргі Қазақстанның қоғамына өзекті мәселесі болып қарастырылады. Автордың пікірінше, оқушы-репеатрианттар жаңа әлеуметтік жүйеге кіру үдерісінде, тұлға өзінің мәдени ұқсастығын түсінуде, әлеуметтік- педагогикалық сүйемелдеу үдерісін талап етеді. Автордың көзқарасы бойынша, инкультурация дегеніміз туған мәдениетіне сіңісуі, тәрбиелі адам қалыптасуы деп есептейді. Олар бұл үдерістің ұзақтығын, адамды туған мәдениет дәстүрі мен мінез-құлық нормаларына оқытудың қиындығын растайды. Талдау негізінде, автордың көзқарасы бойынша, инкультурация адами дағдыларды қалыптастыруды т.б. басқа адамдармен қарым-қатынас, оның ішінде адамның негізгі дағдыларын, өз мінез-құлқын және эмоцияларын басқару, негізгі қажеттіліктерін, әлемнің түрлі құбылыстарын бағалау, қалыптастыру кіреді деп санайды. Зерттеушілердің пікірінше, инкультурация нәтижесінде эмоциялық, тіпті адамның басқа мәдениет мүшелерімен зияткерлік ұқсастығы пайда болады, зерттеушілермен автор да келіседі. Сонымен қатар, автор, білім тұрғысынан осы үдерісте әлеуметтік-педагогикалық қолдау қажеттігін атап өтеді, өйткені балалар құрдастары мен бір-бірін түсіне алмауы, тілді кедей меңгеруі сияқты қиындықтарға тап болады.
Түйін сөздер: әлеуметтік-мәдени кеңістік, инкультурация, аккультурация, әлеуметтендіру, репатриация, оралмандар, мәдени сәйкестілік, әлеуметтік және педагогикалық қолдау.
